Алматыда 1000 мұғалім 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1000 мұғалім 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Қомақты қаржыны алматылық ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов табыстады.

Бүгін өткен тамыз кеңесі барысында Қала басшысы Ахметжан Есімов қалада білім сапасын жетілдіру жолында барлық шаралар қабылданып жатқан атап өтті.

«Алматыда заман талабына сай мектептер салынып, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базалары жаңартылуда. Жыл сайын білім саласына бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Соңғы 5 жылда қаржыландыру 25 млрд.-тан 47 млрд. теңгеге артты. Бұл әлеуметтік салаға бөлінген қаржының 3/1-ін құрайды», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

Ахметжан Есімов салтанатты шараға қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін материалдық тұрғыдан ынталандыру жүйесін жетілдіру қажеттігі жайлы ұсынысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар