Алматыда 100 отбасыға цифрлық телеарна қабылдайтын ресивер тегін беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 100 отбасыға цифрлық телеарна қабылдайтын ресивер тегін беріледі. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Қазтелерадио» АҚ Алматы облыстық телерадиохабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 ақпанда Алматы қаласындағы «Көктөбе» телемұнарасы цифрлық эфирлік телевизияға толығымен көшеді. Өңірде цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу жөніндегі мемлекеттік жобаны іске асыру аяқталды.

Қазіргі уақытта 546 радиотелевизиялық станса пайдалануға берілген. Бұл ел тұрғындарының 91%-дан астамын қамтиды. Бүкіл ел бойынша аналог телехабар таратуды толық тоқтату үшін 827 радиотелевизия стансасын салу және жаңғырту қажет.

Цифрлық эфирлік телехабар таратудың көмегімен тек отандық қазақстандық телерадио арналар ғана көрсетіледі.

«Цифрлық эфирлік телехабар тарату технологиясын ескере отырып, облыс орталықтары деңгейінде тұрғындарға стандартты анық 30 телеарнаға дейін, облыс орталығынан шалғайда 15 арнаға дейін, ал аналог хабар тарату кезінде тиісінше 10 және 4 арна қолжетімді. Сондай-ақ, балама хабар тарату кезінде бейне сапасы төмен, кедергі жиі байқалады, ал цифрлық хабар таратуда - сурет пен дыбыс тұнық болады», - деді ол.

Атап өтетін жайт, цифрлық телехабар тарату кезінде кескін мен дыбыс жоғары сапалы болады, сонымен қатар көп арна мен бағдарлама ұсынылады. Ескі үлгідегі сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, мысалы, ауа-райының қолайсыздығына байланысты және қатты желде жоғалып кетуі мүмкін. Сандық хабар тарату ұзақ қашықта қабылданады. Енді балама хабар тарату бір таратқыш – бір арна принципі бойынша жұмыс істейді. Цифрлық хабар тарату бір таратқышта көптеген арналарды таратуға мүмкіндік береді.

«Цифрлық эфирлік теледидарға қосылу қиын емес. Сандық қабылдағыштарды сатып алу қажет. Оларды сатып алу қолжетімді - Алматы мен Алматы облысындағы 100-ге жуық сауда нүктесі бар. Қабылдағыштың құны шамамен 4 мың теңге және антеннасы 1,5 мың теңге. Егер теледидар жаңа болса (2016 жылдан бастап) - онда оларға цифрлық қабылдағыштар орнатылған, тек антеннаны қосу керек», - деп түсіндірді Қайсар Раздыков.

Цифрлық эфирлік теледидарды көру үшін абоненттер тек теледидардың DVB-T2 стандартына келетін-келмейтінін тексеруі керек, бұл жағдайда дециметрлік антеннаны сатып алып, оны теледидарға қосу керек. Егер теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдамаса, абоненттер DVB-T2 цифрлық сигнал қабылдағышын және дециметрлік антеннаны сатып алуы керек.

2017 жылдан бастап Алматы қаласында АӘК алушылар телевизиялық абоненттік ресивермен тегін қамтамасыз етілуде. 2021 жылға жалпы сомасы 1 100 мың теңгеге 100 АӘК алушыны қамтамасыз ету жоспарланған.

АӘК алушы ресиверді алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне өтініш беріп, оның АӘК алушы екендігі туралы анықтаманы қоса ұсынады.


Соңғы жаңалықтар