Алматыда 100 мың отбасы үшін тұрғын үйлер салынады
2019 жылғы 29 қазан 11:30

Алматыда 100 мың отбасы үшін тұрғын үйлер салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 100 мың отбасыға арналған баспаналар бой көтереді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы электр энергиясын тұрақты тұтынуды қажет ететін ірі тұтынушылардың бірі болып табылады. Бүгінде Алмагүл және Тұздыбастау ықшамаудандарында 100 мың адамға арналған 850 мың шаршы метр тұрғын үйлер салу жоспарда. Осы ықшамаудандарды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жалпы құны 20 миллиард теңгеге 2 электр стансысын салу қажет. Бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы бар. Сізден 2020 жылы бюджетті нақтылау кезінде мәселені шешуге көмектесуіңізді сұраймыз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, осы уақытта Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналған кеңес өтіп жатыр.

Бұған дейін Б.Сағынтаев шаһардағы жыл басынан бергі көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетіп отырғанын атап өткен болатын.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT