Алматыда 100 мектеп автобусы сатып алынады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2023 жылы 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың I тоқсанында 100 жаңа мектеп автобусы жеткізіліп, заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. Тасымалдау қызметтеріне 1,4 млрд теңге бөлінді»,- деді Ерболат Досаев мәслихаттың сессиясында.

Бұған дейін қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматыда 38 мыңға жуық бала мектеп автобустарына мұқтаж екенің айтқан болатын.

Оның айтуынша, мектеп автобустары, ең алдымен аса қажет аудандарға енгізіледі. Пилоттық жобада төрт аудан таңдап алынды. Атап айтар болсақ, Бостандық, Наурызбай, Алатау және Медеу аудандары.


Фото: abai.kz



Соңғы жаңалықтар