Алматыда 10 жасар қызға зорлық көрсеткен педофил 15 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 жасар қызға зорлық көрсеткен педофил 15 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Сот үкімін Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының судьясы Қасым Қалмағамбетов шығарды.

«50 жастағы Владимир Осинский ҚР ҚК 24 бабының 3 тармағы, 121 бабының 4 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ, оған енді өмір бойы бала тәрбиелеу мен педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды», - деді Қ.Ешімет.

Судья ҚР ҚК 91 бабының 1 тармағына сәйкес айыпталушыны мәжбүрлі түрде ішімдіктен емдеу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде 50 жас шамасындағы ер адам 10 жасар қыз баланы жыныстық қатынасқа тартқан. Оның әрекеті сол жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бейнеролик бірден интернетте таралып, пайдаланушылар арасында наразылық тудырған болатын.

Қалалық полиция көп ұзатпай қылмыскерді ұстады.

Соңғы жаңалықтар