Алматыда 10 сәуірде веложарыс маусымы ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 сәуірде веложарыс маусымы ашылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мегаполисте биылғы алғашқы веложарыс Алматының 1000 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған. Қатысушылар жексенбі күні таңғы сағат 08:30-да Әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан шығып, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді», - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері аталған территориядағы жол қозғалысына шектеу қойылатынына байланысты қала тұрғындарына өз бағыттарын алдын-ала белгілеп алуын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар