USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматыда 10 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

2021 жылғы 2 желтоқсан 11:22
Бөлісіңіз:
Алматыда 10 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1571 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті Зардап шеккендердің қарызын кейінге қалдырудың 2 нұсқасы ұсынылады – агенттік Карантин: Мониторингілік топтардың жұмыс ережесі әзірленді

«1 желтоқсан күні 1571 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 894, II компонентін – 677 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1желтоқсан аралығында қалада 1 025 406 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 981 458 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 304 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 14568 адам салдырды. Оның ішінде 880 жүкті әйел, 3036 бала емізетін ана және 10 652 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT