+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Алматыда 10 кітапхана толықтай жаңартылды

2021 жылғы 25 қаңтар 10:47
Бөлісіңіз:
Алматыда 10 кітапхана толықтай жаңартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында кітапханалар базасында балалар мен жастарға пайдалы орталықтар құру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына жаңа номинация қосылды «Ауылдан шыққан миллионер»: Балаларға арналған жаңа кітап жарық көрді

Қалада әкімнің тапсырмасы бойынша мегаполистің кітапхана жүйесін модернизациялау жалғасып жатыр. Былтырдан бері 10 кітапхана толықтай жаңартылды.

«Қазір бұл орындар шаң басқан кітап қоймасы емес, заманауи кітап үйіне айналды. Алтынсарин даңғылындағы 37-үйде орналасқан Қазақстандық жазушылар кітапханасына барғанымда әкімдіктің қолдауымен шығарылған сөз шеберлерінің басылымы таныстырылды. Жалпы таралымы 65 мың дана болатын 30 түрлі кітап қаланың барлық кітапханасына таратылды», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ қала әкімі Алатау ауданындағы жаңартылған №44, Түрксібтегі №26 мен №1 кітапханаларда болды.

«Кітап сақтаудың заманауи жүйесі ондағы бос аймақты тиімді пайдалануға, яғни шығармашылық, шеберлік сабақтарына, отбасылық оқу сағаттарын өткізуге орын бөлуге мүмкіндік береді. Біз кітапханалардың жұмыс уақытын барынша ұзартып, демалыссыз қызмет көрсетуіне тырыстық. Кітапхананың барынша қолжетімді әрі келуші үшін қызықты болуына мән бердік», - деді әкім.

Осы мақсатта танымал және жас жазушылармен кездесулер, шығармашылық кештер мен тақырыптық үйірмелер өткізіледі.

«Жаңғыртудан кейін оқырмандар саны 25%-ға, кей жерде 50%-ға көбейді. Әсіресе, оның көбі балалар екені қуантады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT