Алматыда 1 тоннаға жуық пиротехникалық өнімдер тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда 1 тоннаға жуық пиротехникалық өнімдер саудадан алынды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД, ІІД, Алматы аудандық прокуратура өкілдері қаладағы жайма сауда орындарында рейд өткізді.

10-ға жуық сауда нүктесі тексеріліп, айналымнан жалпы салмағы 1 тоннаға жуық, 154 мың дана сетификатталмаған контрафактілік өнім тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ, сапасы күмән тудыратын пиротехникалық өнімдердің өртке қауіптілігі туралы 1420 дана жадынама таратылды.

Соңғы жаңалықтар