Алматыда 1-сынып оқушысын зорлағандарға қатысты іс қозғалды
2022 жылғы 12 мамыр 00:48

Алматыда 1-сынып оқушысын зорлағандарға қатысты іс қозғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды. Ұл баланың әкесі полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, кішкентай баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына 21 сәуір күні арызданған.

«Сол күні 1968 жылы туған Г. есімді азаматтан түскен арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды»,- деп атап өтті Рустам Абдрахманов.

Сонымен қатар, ол қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесін Алматы полиция департаменті бақылауға алғанын атап өтті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT