Алматыда 1 млн астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4497 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 желтоқсан күні 4497 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1571, II компонентін – 2926 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 желтоқсан аралығында қалада 1 039 754 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін,1000 343 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 999 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 24 727 адам салдырды. Оның ішінде 1393 жүкті әйел, 4935 бала емізетін ана және 18399 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар