USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматыда 1 миллион долларға жуық жалған қаржы жойылды

2021 жылғы 7 желтоқсан 19:22
Бөлісіңіз:
Алматыда 1 миллион долларға жуық жалған қаржы жойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Алматыда аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің баспасөз қызметінде мәлімдегендей, шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықталған.
Жедел-іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасында жалған купюраларды өткізу кезінде ұсталған.
«Тергеу мәліметіне сәйкес, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйектен қараша айына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан.
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
Сот үкімімен Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT