+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда 1 миллион ағаш отырғызылады

2019 жылғы 13 қараша 17:31
Бөлісіңіз:
Алматыда 1 миллион ағаш отырғызылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс жиынын өткізіп, мегаполисті жасылдандыру бойынша шеберлік-жоспардың жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеберлік-жоспарға сәйкес, шаһарда алдағы үш жылда 1 миллион ағаш отырғызу көзделген. Оны жасау кезінде Алматының жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылып, зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4,8 шаршы метр екені анықталды. Ал 70-80-інші жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрді құраған. Жасыл желектің азаюы қала көлемі мен адам санының артуына байланысты болуда.

Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде 134 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Биыл отырғызылғаны — 140 мыңға жуық.

Мамандардың айтуынша, миллион ағаш пен тал-шілікті отырғызудың тиімділігі жоғары. Яғни, жасыл желектің арқасында 118 млн кг оттегі пайда болады, қаланы жасылдандыру аймағы 5000 шаршы метрге дейін жетеді, жол жиегіндегі шудың деңгейі 40%а, жасыл аймақтан 1 шаршы метр радиустағы шаң деңгейі 75% төмендейді.

Сонымен қатар, қаланы абаттандыру деңгейі артады, демалыс аймақтары, скверлер мен саябақтар пайда болады. Мұның барлығы психологиялық ахуалға оң ықпал етеді және қалалықтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасайды.

«Қаланы жасылдандырудың барлық жұмысы бірыңғай жүргізіліп, ағаштарды стихиялы түрде отырғызуға немесе қиюға болмайды. Сондықтан шеберлік-жоспарды әзірлеп жатырмыз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Жиында дүкендердің, салондардың және кәсіпкерліктің басқа нысандарының сыртын жауып тұратын ағаштарды кесуге тыйым салынатыны баса айтылды. Қайтарма ағаштарды отырғызуға бақылау күшейтіледі және кесілген ағаштардың орнына отырғызылатын жасыл желектің саны артады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шеберлік-жоспарын толықтыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде, питомниктердің қуаты, жасыл желекті отырғызудың және оларды күтіп-баптаудың бірыңғай әдісі мен ережесі жіті назарға алынуы тиіс.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Экология, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT