Алматыда 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 15 мыңға жуық адам КВИ жұқтырған - әкім

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live тікелей эфирінде коронавируске қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын мәлімдеді және қала тұрғындарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал өршіп барады. 10 наурыздан бастап Алматы «қызыл» аймақта. Індет басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 597 науқас тіркелді (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1602,0 құрайды). 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 14 856, 2020 жылы қауіпті індетті жұқтырған 18521 науқас тіркелген.

20-27 наурыз аралығында 3169 науқас тіркелді. Тұрғындар арасындағы вирус жұқтыру деңгейі төмендемей тұр. Жағдайды алматылықтардан анықталған вирустың жаңа штамдары да қиындатуда.

«Биылғы жылдың наурыз айында сырқаттану тәулігіне 132 жағдайдан күрт өсуі байқалды, наурыз айының үшінші аптасында тәулігіне орташа есеппен 355 жағдайға жетті, қазіргі уақытта тәулігіне 450-500 жағдай, бір мезгілде өсуімен тәулігіне 8000-ға дейін жүргізілген ПТР анализдерінің саны, оның ішінде жеке зертханаларда 4500-ге дейін өсті»,- дейді әкім.

Инфекцияның негізгі орындары КВИ инфекциясының барлық жағдайларының шамамен 42% болатын сауда және тамақтандыру кәсіпорындары болып қалатындықтан, тиісті шаралар қабылданды. Осыған байланысты карантин талаптары екі рет күшейтілді. Ол 20-29 наурыз аралығында.

«Барша тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға, бетперде киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және көпшілік шаралар өткізуден, адам көп шоғырланған жерге барудан аулақ болуға шақырамын», - деді Б. Сағынтаев.
Соңғы жаңалықтар