Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы
2022 жылғы 5 маусым 09:36

Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы

АЛМАТЫ: ҚазАқпарат – Алматыдағы референдум учаскелері өз жұмысын таңғы сағат 07:00-ден бастады. Бұл туралы қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда референдум учаскелері таңғы сағат 06:00 ашылып, 07.00-де дауыс беру басталды. Ешқандай заңбұзушылық тіркелеген жоқ. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде 1 126 854 адам бар. 1388 азаматқа есептен шығару куәлігі берілді», - деді Жанна Асанова.

Сонымен қатар ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін (денсаулық жағдайы бойынша немесе отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты) үйде дауыс беру ұйымдастырылатынын еске салды.

«Бүгін түскі сағат 12:00-ге дейін үй жайында дауыс беруге өтінім қабылданады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT