Алматы зообағының жануарларының іс-қимылы йога жаттығуларымен үндесіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлемде йога жаттығуларының танымалдылығы артып келеді. Тән мен жанның үйлесіміне жетуді, дұрыс тынығуды мақсат тұтатындардың арасында жануарлар да бар.

Алматы зообағының жануарлары жаңа фитнес-трендті меңгеріп келеді.

Азия қабыланы, амур жолбарысы, ақ аю, елік, қоқиқаз, үйрек бұл спорт түрін жақсы үйреніп алған.null null null

«Жан мен тән үйлесіміне сеп болатын йога жаттығулары пайда болғалы 5 мың жылдан асты. Бұл жаттығуларды адамдар ойлап тапқан. Алайда, жабайы табиғат аясында жануарлардың жүріс-тұрысы, сипаты, өзін-өзі ұстауы йога жаттығуларынан кем түспейді», - дейді зообақтың қызметкері Михаил Сорокоумов.

Сарапшылардың айтуынша, адамдар зообаққа келгенnull null null соң жануарларды көрген кезде бір мезгіл миы тынығып, негативті энергиядан арылады.

null

Соңғы жаңалықтар