Алматы зообағының ең қарт тұрғыны Алькор 29-ға толды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағының ең қарт тұрғыны Алькор атты ақ аю мерейтойын  тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алькор 1989 жылы Калининград зообағында  туған. 1990 жылы кішкентай қонжық Алматы зообағына əкелінген. Содан бері Алькор Алматы зообағының тұрғынына айналды.

Былтыр оның апанын  алматылық бизнесмендер қайта жасап, жайлы мекенге қоныстандырған болатын. Бұрын Алькор Алматының аптабында қиналып жүрген болса, қазір оның апанында салқын бассейн, кондиционер, шөп бар.
null

Бұған дейін Алькордың ұрғашы «құрбысы» Кристина бар болатын. Бұл жануар да ұзақ өмір сүріп, 30 жаста өмірден өтті. Екеуінен Умка есімді қонжық туған. Қазір Умка чех зообағында тұрып жатыр.
null 

Зерттеулерге сəйкес, табиғат аясында ақ аюлар  20 жасқа дейін, ұрғашылары 25-30 жасқа дейін өмір сүреді. Ал еркіндікте олардың ғұмырын 30-40 жасқа дейін созуға болады.

null 

Соңғы жаңалықтар