Алматы зообағының бұрынғы директоры екі жолбарыстың неге сатылғанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағының бұрынғы директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Ержан Еркінбаев зообақтағы екі Амур жолбарысының Харбин зообағына неге сатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде депутатты желі қолданушыларының көбі сұрақтың астына алған болатын.

«Ұялас аландар Амур мен Буш генетикалық ақаумен туды. Туасынан ақсақ. Олар көбею бағдарламасына алынбайды. Өйткені ұрғашылармен шағылыстыруға болмайды. Дені сау ұрпақ тумайды. Бірақ бізде ұрғашы жолбарыс жоқ. Олар өмір сүрген вольер 1960 жылдан бері жөндеу көрмеген. Тозған. Амур мен Буш темір торда отыр. Осы жануарлардың жағдайын жасауға мен тіпті өз қалтамнан ақша беруге дайынмын»,- деді Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша, Харбин (Қытайдың солтүстік шығысындағы қала) орталығы жабайы табиғатқа барынша ұқсатып жасалған.

«Харбиндегі амур жолбарысы орталығы табиғи ортаға өте ұқсас жағдай жасалған. Бұл жолбарыстардың профильді орталығы, яғни хайуанаттар бағы емес. Арзан ақшаға сатып жіберді деген сын дұрыс емес. Біз барынша жануарлардың өмірін жайлы еткіміз келді», - деді зообақтың экс-директоры.

Айта кету керек, жақында зообақта 3 аң өлген болатын. Олардың екеуі арыстан болса, үшіншісі керіктің ұрғашысы болатын. Зообақ басшылығы аңдардың неге өлгенін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар