Алматы зообағындағы жануарлар жазғы вольерге көшіріліп жатыр
2022 жылғы 11 сәуір 11:10

Алматы зообағындағы жануарлар жазғы вольерге көшіріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағындағы жануарлар жазғы вольерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір піл, керік, сусиыр мен арыстандар жазғы қоршауларға көшті. Олардың барлығы күндіз далада болады. Түнде әлі суық болғандықтан, бұл жануарларды кешкі уақытта жылы вольерге кіргізеді. Түнде ауа температурасы тұрақты және аязсыз +15 градусқа жеткенде, олар тәулік бойы далада тұрады», - деп хабарлады хайуанаттар бағынан.

Қысқы қоршауларда қолтырауындар мен суда жүзетін құстар қалды.

«Көктем келісімен зообақ жануарлары да белсенді бола бастайды. Олар ашық қоршаудың ішінде жүріп, күнге қыздырынады», - дейді Алматы зообағының фотографы Михаил Сорокоумов

Хайуанаттар бағында жануарларды бірте-бірте жазғы қораларға көшіру жалғасуда.

Фото: «Алматы хайуанаттар бағы» МКҚК баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT