Алматы зообағындағы түйе боталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында бір өркешті нар боталады. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Зообақ директорыныңы міндетін атқарушы Айгүл Түлееваның айтуынша, бұл биылғы төлдің алды болды.

«2019 жыл жақсы жаңалығымен келді. Ақпанның 6-7 қараған түні бір өркешті түйелер жұбында ұрғашы бота туды. Биыл да молшылыққа толы жыл болады деп сенеміз», - деді Айгүл Түлеева.null

Жас бота карантин ортадан босап, енесіне қосылды. Қазір оны алматылықтар ашық тамашалай алады.null

Нар түйе зообаққа 2006 жылы әкелінген. Бұл олардың 6-шы төлі.

Алматы зообағында нардан бөлек тағы қосөркешті түйенің жұбы бар.

Былтыр зообақта 37 төл дүниеге келген болатын. Айта кетерлігі, көптен күткен қоқиқаз балапан басып шығарды.

Соңғы жаңалықтар