Алматы зообағындағы сахарадан келген жануарлар аязда қалай өмір сүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі саршұнақ аязда зообақтағы жануарлардың тоңып қалмауына күш салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үскірік аязға Африкадан әкелінген жылу сүйетін жануарлар пілдер, керіктер, зебралар, маймылдар мен казуарлар төтеп бере алмай жатыр.

«Аяздың кесірінен экзотикалық жануарлардың қысқы үйлерінде ауа температурасы төмендеп кетті. Үлкен территорияны түрлі жылытқыштармен жылыту мүмкін болмады. Қаланың әкімдігінен көмек сұрадық. Мамандар тез арада жетіп, еш бюрократиясыз зообақтағы жылу желілеріндегі қысымды көтеріп берді, қажетті температура жасалды. Бұл қала әкімшілігі мен коммуналды қызметтерінің мобильді және тиімді жұмысын көрсетеді», - деді Алматы зообағының директоры Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, Алматыда өткен жұмадан бері ауа температурасы қатты төмендеп кетті.

Саршұнақ аяздың кесірінен қалада «Таугүл» ауданы жылусыз, ыстық сусыз қалды.

Сонымен қатар, кеше Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысындағы ыстық су құбыры да аяздан жарылып кетіп, бірнеше тұрғын үй сусыз қалған болатын.

Саршұнақ аяздың кесірінен қала мектептерінде 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар