Алматы зообағындағы Гималай қонжығының атын желі пайдаланушылары қойды
2022 жылғы 27 мамыр 16:08

Алматы зообағындағы Гималай қонжығының атын желі пайдаланушылары қойды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Зообақтағы Гималай аюының қонжығына «Яссури» деген ат қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қонжыққа ат қою үшін әлеуметтік желі арқылы ұсыныстар қабылданған.

«Оқырмандардың көпшілігі «Яссури» деген есімге дауыс берді. Себебі, бұл жерде қонжықтың әкесі мен енесінің есімдері біріктірілген. Әкесінің аты - «Яшин» болса, енесі - «Уссури», екеуін қосқанда «Яссури» болады. Біз де барлық нұсқалардың ішінен осыған тоқтап, таңдап алдық», - деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қазір «Яссуридің» қал-жағдайы жақсы, енесінің қасында жүргені айтылды.

Еске салайық, Алматы зообағында Гималай аюының қонжығы өмірге келгені туралы бұған дейін хабарланған.

Сондай-ақ, қазнетте Гималай қонжығының ұйықтатып өлтірілгені туралы фейк ақпарат тараған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT