Алматы зообағында жануарларға арналған УДЗ пайда болмақ (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында жануарларға арналған УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) пайда болмақ.

Жаңа құрал-жабдықты бүгін «Аяла» қоры салтанатты түрде табыстады. Медициналық аппарат жануарлардың денсаулығын тексеріп, жүктілігін анықтауда көп көмегін тигізеді.

Айта кету керек, бұрын зообақта мұндай құрал жоқ болатын. Мамандар жануарлардың денсаулығын кешенді түрде тексере алмай келген. Әсіресе, бүйректегі, қуық безіндегі тас пен құм барын анықтау қиынға соққан. Енді жаңа жабдықтың көмегімен оларда алғашқы кезеңдегі буаздығын да анықтауға болады. Осыған орай зообақ қызметкерлері жануарлардың қоректену рационын да дер кезінде өзгерте алады.

Алматы хайуанаттар бағында жүздеген балық пен мыңнан аса ірі жануар мекен етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар