Алматы зообағында Жаңа жыл басталды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында Жаңа жыл басталды. Ерекше мерекелік шара туралы бақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтып берді.

«Бүгін балалар мен ересектеге арналған мерекелік бағдарлама басталды. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі викториналық ойындар, экскурсия, квест-ойындар өткізілді. Ерекше қабілетімен көзге түскен балаларға сыйлықтар таратылды. Келушілерге ыстық палау, шай беріліп, мерекелік дастархан жайылды»,- деді М.Сорокоумов.

Балалар мен ата-аналар келер жылдың кейіпкері болатын төрт түліктің бірі - Шопан ата баласы Долли, Денни атты қозылармен суретке түсіп, оларды өз қолдарынан тамақтандырды. Жаңа жылдық бағдарлама 9 қаңтарға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар