+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы зообағында зебра құлындады

2021 жылғы 16 қазан 10:05
Бөлісіңіз:
Алматы зообағында зебра құлындады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында зебра құлындады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 10 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады Ревматоидты артриттің дұрыс емі қандай

14 қыркүйек күні Чапман зебрасы жұбында төртінші ала құлын өмірге келді.
Аталық зебра – Ричард 21 жаста. Ол Алматы зообағына бір жасында Бойницадан әкелінді. Оның жұбы – Чапа Копенгагеннен. Қазір ол13 жаста.
Чапман зебралары Африканың оңтүстігінде кездеседі – Ангола, Ботсвана, Зимбабве, Намибия және Оңтүстік Африка Республикасында. Бұл жануар қорғау мен қамқорлықты қажет ететін болғандықтан қызыл кітапқа енген.
Аналық зебраның жүктілігі 370-390 күнге созылады. Көбіне бір, кейде екі құлын туады. Әдетте, жаңа туған құлын 10-15 минуттан кейін аяғынан тік тұрып, жүріп кетеді.
«Біздің кішкентай зебрамыздың буыны қатайып, өсіп келеді. Енді оған ерекше ат қойғымыз келеді. Өз нұсқаларыңызды айтып, ұсыныстарыңызды парақшамызға жазыңыздар»,-деп хабарлады зообақтан.
Алтын күз келді. Хайуанаттар бағының әр тұрғыны жылдың осы мезгілін ерекше сезінеді. Оңтүстік астанада ауа райы әлі жылы болғандықтан, хайуанаттар бағының кейбір тұрғындары күнге қыздырынып жатқанды жақсы көреді.
Мысалы, кенгуру күн сәулесі жақсы түсетін жерде жатады, аз қозғалуға тырысады. Зебра, жираф, піл, арыстанда да соның қатарында.
Зообақтағы құстар мен тиін де алдағы қыс мезгіліне дайындалуда.
Тиіндер қысқы көректерін індеріне тасып жатыр.


Фото: Михаил Сорокоумов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT