Алматы зообағында тұңғыш рет әлемдік пілдер күні аталып өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында тұңғыш рет әлемдік Пілдер күні аталып өтті.

Хайуанаттар бағында екі Азиялық піл Лау мен Ару мекен етуде. Олар жиырма жыл бұрын Лаос елінен әкелінген болатын.

Бүгін зообақ қызметкерлері банан, алма, пияз, орамжапырақ, картоп, сәбізден жасалған алып көкөніс тортын әзірледі.

"Пілдеріміз ерекше тосынсыйға өте риза. Бүгін келушілер алып жануарлар мен Джамбо бегемотын тамақтандырып көрді",- деді зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.

Әлемдік пілдер күні 30 қарашада аталып өтіледі. Оны құрлықтың алып жануарларының саны азайып бара жатқанына алаңдаған эколог мамандар тағайындаған.

Соңғы жаңалықтар