Алматы зообағында қолтырауындарды тамақтандырудың әсерлі сәттері

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі Алматының хайуанаттар бағында қолтырауындарды тамақтандыру сәтінің ерекше кадрларына ие болды.

Әлемнің көптеген хайуанаттар бағында қолтырауындар көп жағдайда қозғалыссыз жатады, себебі олардың барлығы (каймандар, ұзын тұмсық қолтырауындар, аллигаторлар) - салқынқандылар. Яғни, бұл рептилиялардың белсенділігі қоршаған ортаға байланысты. Аңшылыққа шықпас бұрын немесе қандай да бір қимыл жасамас бұрын олар қажет температураны жинап алулары керек.

Қолтырауындар қозғалмайтын әрі енжар болып көрінгенімен, реакциялары өте жылдам болып келеді. Ең қызығы да сол, қозғалыссыз жатқан дене аяқ асты бәрін жойғыш жауызға айналады. Алматының хайуанаттар бағының кейбір қонақтары бұған куә да болған. Ұзындығы үш метр қолтырауын Фидель террариумдағы әйнекті сындырып, барлығын дүрліктіргені бар.

Тамақтандыру кезінде қауіпсіз қашықтықтан қолтырауынның барлық «өнерін» көруге  болады. Кейбір хайуанаттар бағында бұл шараны қонақтарға арналған шоуға айналдырады. Мәңгілікке есте сақталып қалар бұл сәтті тамашалау үшін ондаған адам жиналады.

Алматының хайуанаттар бағында Цербер лақап атымен сиам қолтырауыны бар. Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, лақап атын мінезі өте ауыр Цербер есімді төбетке ұқсатып қойған. Бұл қолтырауын әлі кішкентай, ұзындығы шамамен 1,5 метр, егеуқұйрықтарды жақсы көреді. Зина есімді кайман қолтырауын көлемі мен мінезі жағынан Церберге ұқсас. Алайда, зообақ қызметкері Михаил Сорокоумовтың айтуынша, ол бұдан ары өспейді, себебі табиғаты сондай. Айтқандай, қолтырауын Зина 1972 жылы туған және ол Алматы хайуанаттар бағының ең ұзақ өмір сүріп келе жатқан рептилиясы.

Фото: Михаил Сорокоумов

Соңғы жаңалықтар