Алматы зообағында капибара күшіктеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында су шошқасының бір түрі капибара күшіктеді.

Кішкене торай 15 қыркүйекте туған, деп топшылайды зообақ қызметкерлері.

Зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумовтың айтуынша, жануар өзінің баласын тоған маңындағы қалың нуда жасырып жүрген. Бұл 2011 жылы Чехиядан әкелінген капибара жұбының алғашқы торайы.

«Енесі торайға ешкімді жолатпайды. Зообақ қызметкерлері оның жынысын анықтай алмауда. Әлі оған ат берілген жоқ», - деді М.Сорокоумов.

Капибара салмағы 65 келіге дейін жететін әлемдегі ең ірі кеміргіш. Оның денесі қатты қылшықпен көмкерілген. Аяқтарында жүзетін жарғақтары бар. Соның көмегімен ол жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Шөбі шүйгінді өзен жағалауларында қоныстанады. Су өсімдіктерімен қоректенеді.

Торайларының көзі ашық, дамыған қалыпта тууы олардың қолға тез үйренуіне де көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар