Алматы зообағында «Хэллоуин» мерекесі (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағы қызметкерлері жыртқыштарға арнап «Хэллоуин» мерекесін ұйымдастырды. Бұл туралы зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов хабарлады.

Әлем-жәлем боялған асқабақтар зообақ тұрғындарын біраз әбігерге салды.

1,5 жастағы амур жолбарысының аландары асқабақты жемесе де біраз ойнап, күл-талқанын шығарды.

Экзотариум тұрғындары тасбақалар суретке мән берместен, асқабақты жеп қойды. Боялған асқабақтар құлақты кірпілердің сүйікті түскі асына айналды. Алайда, Принцеса есімді молаук какадуы зообақты басына көтеріп, көкөністі алып кетуге тура келді.

Соңғы жаңалықтар