Алматы зообағында хайуанаттар жыл басына таласты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз аталып өтті.

«Наурыз мерекесінің басталуы наурыздың айының 22 жұлдызына сәйкес келеді. Бұл мереке шығыс елдерінде ең ұлы мейрам болып саналады. Наурыз - табиғаттың жаңаруы, наурыз - көктем мерекесі. Күн мен түн теңелетін, қазақтар жыл басы деп есептелетін «Ұлыстың ұлы күні» халық үшін - ұлы күн», - деді баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.
Зообақ келушілері қазақ халқының салт-дәстүрлері мен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тамашалады. Хайуанаттар бағының орталық алаңында әннен шашу шашып, «Ақсақ құлан», «Қасқыр», «Аққу» күйлері әуеледі. Сондай-ақ, кішкене балалар «Жеті қазына» ойынын ойнады. Келушілер наурыз-көже, бауырсақтан дәм татты.
null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар