Алматы зообағында гну антилопасы құлындады

None
None
АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Алматы зообағында Сахара есімді гну антилопасы құлындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық зообақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 маусымда жануардың дүниеге келу сәтін қалың көпшілік тамашалаған болатын.

Сахараның өзі 2008 жылы Алматы зообағында туған.

Бұл - оның үшінші төлі. Мұның алдындағы құлындары ТМД аймағындағы барлық зообақтарға таратылған.

Еркегі Рик  Голландия зообағынан 2010 жылы әкелінген.

Ұрғашы құлынға Самара деген ат қойылды.

«Құлын шауып жүр. Енесінен қалмайды. Әзірге енесінің сүтін еміп жүр. Жақын арада қатты тағамға көшеді», - дейді зообақтың баспасөз қызметі.

null

Соңғы жаңалықтар