Алматы зообағында Бүкіләлемдік керіктер күні тойланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында Бүкіләлемдік керіктер күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғаш рет мұнда керіктер 2002 жылы Оңтүстік Африкадан әкелінді.

Содан бері жануарлар жақсы жерсініп, көбейіп келеді.

17 жылда 15 төл дүниеге келді.

«Аталық Хан мен аналық Грация мен Сұлудың ұрпақтары. Оларды тамақтандырғанды үлкен де кіші де ұнатады. Бірақ олардың төмен жиіліктегі даусын әлі ешкім естіген жоқ. Олардың ұйықтағанын да тірі жан көрмеді. Керіктер бар жоғы 1 сағат ұйықтайды. Әр минут сайын оянып, жан-жағына қарайды. Сосын қайта ұйықтайды. Бұл жыртқыштардан сақтанудың дағдысы болса керек», - деді зообақтың баспасөз қызметкері Михаил Сорокоумов.

Бүгінде әлемде 90 мыңға тарта керік қалды.

Керіктер есіней алмайтын әлемдегі жалғыз жануар. Оларға көбіне арыстандар ғана шабуыл жасай алады.

Бір тәулікте бар-жоғы 60 минут қана ұйықтайды. Төлдері туа салысымен 1 сағат көлемінде жүріп кетеді.

Керіктің жасын терісің түсіне қарап анықтауға болады. Қоңыр тартқан сайын ересек керік деп тұспалдауға болады. Оның терісіндегі сурет адамның саусақ ізі сияқты қайталанбайды.

Соңғы жаңалықтар