Алматы зообағында бірнеше құс қамаудан босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында бірнеше құс қамаудан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыртқыш емес құстарды зообақ аумағында еркін жіберу туралы бастаманы зообақтың бұрынғы директоры Ержан Еркінбаев көтерген болатын.

Бүгін зообаққа келушілер еркіндікте жүрген тауыс пен қораздарды көрді.

Сонымен қатар, күн жыли салысымен бірқатар жануарлар қысқы вольерінен жазғы қоныстарына көшті.

Оның ішінде тапирлер Мартин мен Дуняша былтыр жетоқсаннан бері қысқы вольерде қамауда болып келген. Енді жануарлар көктемнің жаймашуақ күнінде ауасы таза, жазғы орынға ауысты.

Мы убрали все старые розы с клумб, теперь клумбы - дом для павлинов! В зоопарке клумбы и всё остальное должно быть, в первую очередь, для животных!

A post shared by Yerzhan Yerkinbayev (@yerkinbayev) on Mar 22, 2018 at 6:11am PDT

Соңғы жаңалықтар