Алматы зообағында арыстан наркоздан оянбады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында екі арыстанның бірі өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жануардың түбіне қанның қатерлі дерті жеткен. Бұл туралы зообақтың директоры Ержан Еркінбаев хабарлады.

«Хан есімді арыстан зообақққа Франциядан 2004 жылы әкелінген. Соңғы бірнеше күш ішінде жағдайы нашарлап кетті. Жыртқыштар үйінде госпиталь жасадық. Қажетті диагностикалық аппараттар қойылды. Диагностика жасау үшін наркоз берілген еді. Жыртқыштың жүрегі наркоздан шықпай жатып тоқтады», - деді зообақ директоры Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, қазір зообақта 13 жастағы Дана есімді ұрғашы арыстан ғана қалды.

Соңғы жаңалықтар