Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматы зообағында әлемде сирек кездесетін поляр қасқырлары вольерге шығарылды

2022 жылғы 24 маусым 05:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағынның қамқорлығындағы поляр қасқырлары вольерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағының баспасөз қызметінен хабарлағандай, зообақта екі поляр қасқыры бар.

«Қасқырлар Новосібір зообағынан әкелінгеніне бір айдай уақыт өтті. Олар өткен жылы мамыр айында дүниеге келген. Яғни, екеуі де бір жастан асқан. Аталығының есімі - Бит, аналығының есімі - Бакара. Бөлтіріктері жоқ», - деп хабарлады зообақтан.


Айта кетейік, поляр қасқыры – жер бетіндегі өте сирек кездесетін жануардың бірі. Ол негізінен Арктикада мекендейді, қоян, солтүстік бұғыларымен, т.б. қоректенеді. Олардың әдемі терісі аңшылардың көңілін аударғандықтан, қасқырлардың саны азайып кеткен делінеді.


Автор:

Думан Арғынгелді

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар