Алматы зообағында Ақ аю күні атап өтілді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы зообағы Бүкіләлемдік поляр аюы күнін атап өтті. Бұл туралы зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтты.

Қала тұрғындары Алькор есімді ақ аюды құттықтауға келді. 26 жастағы жануар 1990 жылы Калининград зообағынан әкелінген. Биыл Алькор жаңа кең мекенге көшті.

Мерекеге орай зообақ басшылығы Михаил, Маша, Аюхан, Айгүл есімді балаларды тегін кіргізді.

Балалар зообақтың ежелгі тұрғыны - Алькор есімді ақ аюды құттықтап, жануарды көкөніс пен балықтан жасалған тортпен қоректендірді.

Жабайы табиғат халықаралық қорының (WWF) мәліметіне сәйкес, әлемде поляр аюының

20-25 мың дарасы ғана қалды. Жер бетіндегі ғаламдық жылынудың салдарынан олардың өмір сүретін табиғи жағдайы мұздар еріп, ақ аю популяциясы құрып кетудің сәл-ақ алдында тұр.

Ақ аю Халықаралық Қызыл кітапқа енген жануар. 2000 жылы АҚШ пен Ресей арасында Аляска мен Чукотка тұрғындарына ақ аюды аулауға тыйым салатын келісімге қол қойылған болатын. Оған дейін Ресейлік Арктикада тыйым салынып келген болса, Беринг және Бофорт теңіздерінің тұрғындары - аляскалықтар Қызыл кітап жануарларын емір-еркін аулап келген.

Соңғы жаңалықтар