Алматы зообағында «Африка саваннасы» кешені салынады

None
Видеодан алынған кадр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағы «Африка саваннасы» кешені құрылысының эскизі мен жобалық-сметалық құжатын дайындау үстінде. Бұл туралы зообақ ұжымы желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зообақтың мәліметінше, кешенде алдағы уақытта пілдерге, сусиырларға, керіктер мен антилопаларға жаңадан қысқы және жазғы қоршау салынады.

Сонымен қатар, су тазартатын қуатты қондырғысы мен ауа тазарқышы бар бассейн салынады.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

Сонымен бірге, зообақ ұжымы желіде сусиырларға арналған құрылыстың тым ескі, өткен ғасырдың 60 жылдары салынғанын, жануарларға арналған жаңа павильондар салу тез іске асатын жұмыс емес екенін еске салды.

«Зообағымыздағы Джамбо мен Лотти атты сусиырлардың қоршауындағы суды күнара ауыстырған сайын, арада бір сағат өтпей жатып су лайланып кетеді. Өкінішке қарай, біздің кейбір келушілеріміз бұл табиғи жағдайды түсінбей, жануарлар лас жағдайда ұсталады деп ойлайды», - деп жазды зообақ ұжымы.


Соңғы жаңалықтар