Алматы зообағында 800 көшет отырғызылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында бүгін жай ағаштардан бөлек алма, алмұрт ағаштарының 800 жас көшеті отырғызылды.

Сенбілікке қала тұрғындары, зообақ қызметкерлері, еріктілер қатысты. «Көктем келгенде жер ана қалың ұйқыдан оянып, тоң жібіп мамыражай күй кешеді. Осы кезде зообақты көріктендіріп, жасыл желеке көмкеру аса маңызды. Сондықтан, көктеммен бірге жаңаруға үлес қосқысы келетіндерді шақырамыз», - деді баспасөз хатшысы Михаил Сорокомуов.

Айта кету керек, наурыздың басында зообақ территориясында жасыл желек оталып жатыр деген хабар БАҚ-та біраз шу туғызған болатын. Кейін зообақ басшылығы аталған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

Олардың айтуынша, зообақ территориясында қазір 3084 тал дарақ өсіп тұр. Олардың 100-і шірігендіктен, шабуға рұқсат берілген.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар