Алматы зообағында 300 жылдық алып емен ағашы өсіп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында 300 жылдан бері өсіп тұрған алып емен ағашы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағының мәліметінше, мегаполистегі ең кәрі ағаш хайуанаттар бағында. Оған кем дегенде 300 жыл болған.

Видеодан емен діңінің де өте жуан екенін көруге болады, сонымен қатар ағаш бүгінде жайқалып өсіп тұр.

«Кейде қала тұрғындары мен қонақтары осы алып ағаштан күш-қуат алу үшін арнайы келеді»,- деп атап өтті хайуанаттар бағынан.

Ғалымдар еменді ең ұзақ уақыт өмір сүретін өсімдіктердің қатарына жатқызады.

Ресми деректерге сүйенсек, емен ағашының 600 түрі бар, оны Солтүстік жарты шардың барлық аймақтарында кездестіруге болады. Бұл ағаштар жарықсүйгіш, суыққа төзімді, құрғақ және тұзды жерлерде өсе береді. Әдетте, 300-400 жыл өмір сүреді.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар