+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алматы зообағында 30 жылда алғаш рет тапир төлдеді

2019 жылғы 17 наурыз 18:44
Бөлісіңіз:
Алматы зообағында 30 жылда алғаш рет тапир төлдеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында үш жануар төлдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ала тапир жануары мен қосөркешті түйе, кенгурудың саны артты. Оның ішінде тапирдің төлдеуі соңғы рет 80-жылдардың соңында тіркелген.

Тапирдің аталығы - жеті жасар Мартин 2013 жылы Калининградтан әкелінген. Аналығы - төрт жасар Дуняша 2017 жылы Новосибирск қаласынан жеткізілді.

null
null

«Тапир 26 ақпан күні таңғы сағат 7.00-де төлдеді. Енесі мен төлін карантин бөліміне орналастырдық. Күн жылынғанда олар ортақ вольерге шығарылады», - деді зообақ фотографы Михаил Сорокоумов.

Зообақ келушілері енді кішкентай тапирді ғана емес, қос өркешті түйенің ботасы мен кенгурудің баласын да көретін болады. Түйе 27 ақпан күні төлдеді. Жануардың аталығы мен аналығы 11 жаста.

null

«Қосөркешті түйелер аязды климатқа жақсы бейімделген. Жүк тасуға төзімді. Ал нар түйелер шөлді климатқа, ұзақ жүріске шыдамды келеді. Онымен қоса, америкалық өркешсіз түйелердің 4 түрі бар (лама, альпака, гуанако мен викунья). Қазақ үшін түйе малы ерекше қасиетті. Түйе - молшылық пен байлықтың белгісі», - дейді зообақ өкілдері.

Кенгуру баласы былтыр қараша айында туған екен. Бірақ зообақ қызметкерлері ол туралы жақында білген. Оның себебі - енесі кенгурудің сөмкесінде тығылып келген.

null

«Кенгуру балалары эмбрион күйінде туылатыны белгілі. Сосын енесінің терісімен жорғалап отырып, сөмкеге жетеді. Сонда жетіледі. Жақында жас кенгуру сөмкеден тұмсығын шығарды. Ол сөмкеде әлі 7 ай өмір сүреді. Дегенмен, оның аналығы мен аталығы жазғы вольерге шыға береді»,- деді Михаил Сорокоумов.

Қалалық зообақ директорының міндетін атқарушы Айгүл Тулеева келушілердің тапир төлінен басқасын көре алатынын айтты.

Жаңа туған төлдерге әлі есім берілген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT