Алматы зообағына келушілер жыртқыштарды өз қолымен қоректендірді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағынының құрылғанына 8 қарашада 77 жыл толды. Атаулы күнге орай зообақ қызметкерлері мереке ұйымдастырды.

Салтанатты шарада зообақ директорының орынбасары Динара Құрманбаева құттықтау сөз сөйледі.

Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына қарамастан хайуанаттар бағына келушілерде есеп болмады. Жайылған дастарханнан басқа келушілерді тағы бір тосынсый күтіп тұрды. Зообаққа келушілер бүгін жыртқыштарды өз қолымен қоректендірді. «Мұнда осыған дейін де түрлі акциялар болған. Бірақ, үнемі шөпқоректі айыртұяқты жануарларды қоректендіріліп келген болатын. Бүгін алғаш рет келушілер аю, барыс, жыландарды қоректендірді», - деді зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.

Соңғы жаңалықтар