Алматы зообағына ерекше жануар жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағына ламатұқымдас ерекше жануар жеткізілді. Зообақ қызметкерлері «Шоколадканы» өздерінің Instagram парақшасында таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің зообағымыз жаңа төлмен толықты. Бұл жануар сүйкімділік жағынан бәрін басып озатын сияқты. Өзі сондай әдемі, жүріс-тұрысы ерекше, мінез-құлқы да жайлы. Біздің көңілімізге ерекше әсер еткен бұл жануар сіздерге де ұнайды деп ойлаймыз»,- делінген хабарламада.

«Шоколадка» есімді альпака елімізге бір ай бұрын Ресейдің Краснодарск хайуанаттар бағынан жеткізілген.

«Альпака 2016 жылы «Сафари-парк» деп аталатын Краснодар хайуанаттар бағында туған. Алматы зообағына өткен жылдың 11 желтоқсанында әкелінді. Ол керіктердің жанындағы вольерде тұрады»,- деп атап өтті зообақтағылар.

Суреттер:Михаил Сорокоумов


Соңғы жаңалықтар