Алматы зообағына амур жолбарыстары әкелінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағына амур жолбарыстары әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолбарыстардың есімдері Лад пен Бентли. Жастары екіде.

Алматы зообағының баспасөз қызметінде хабарлағандай, жануарлар 27 қараша күні Астана циркінен жеткізілді. Қазіргі уақытта жыртқыштардың жағдайы жақсы.

«Жолбарыстар қазір арнайы карантинде. Қажетті вакцинаны, дәрумендерді, ауруларға қарсы басқа да екпе-дәрілерді алды. Жас болғандықтан қимылдары ширақ. Бр-бірімен алысып, ойнайды. Күнделікті 6 келіден ет (сиыр, тауық, қоян еті) беріледі»,- деді баспасөз қызметінде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы зообағына ШҚО-да құтқарылған бірқазан пойызбен Алматыға жеткізілгенін және

https://kaz.inform.kz/news/shko-da-kutkarylgan-birkazan-poyyzben-almatyga-zhetkizildi_a3850106

африкалық Чампан зебрасының құлындағаны жайлы жазған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/almaty-zoobagynda-zebra-kulyndady_a3849828


Соңғы жаңалықтар