Алматы зообағына акулалар мен медузалар жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 31 наурыз күні Алматы зообағында жаңа аквариум ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайта жөнделген экспозиция жаңа жануарлармен толықты. 

Жануарлар бағына келушілер алғаш рет теңізде мекендейтін - айлы медузаларды, кішігірім акулалар мен скаттарды тамашалай алады. Тұщы суда жән теңізде мекендеушілердің жалпы 140 түрі жеткізілді.

«Енді мұнда мұхит суын мекендейтін балықтармен қатар акула, медуза, тропикалық балықтар мен басқа да экзотикалық жануарлар мекен ететін болады. Оларды алматылықтар тамашалай алады», - деді Алматы зообағының экс-директоры, мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, бұрын зообақта аквариум экзотариумның бір бұрышында ғана еді. Бірнеше айға созылған қайта жаңғырту жұмыстары барысында ғимарат толығымен қайта жасалып, өзгеше сипат алды.

Ашылу салтанаты 31 наурызда Алматы зообағында өтеді. 

null


nullnull

 
Соңғы жаңалықтар