Алматы зообағына ақ кеуделі тукандардың жұбы әкелінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағы ақ кеуделі тукандардың жұбымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы зообағына әкелінген ақ кеуделі тукандардың видеосы зообақтың Instagram парақшасында жарияланды.

«Олар Армения астанасы - Ереван қаласынан әкелінді. Олар әлі кішкентай, екі жаста. Қазір олар аквариум жанындағы Құстар үйінде тұрады. Тоқылдақ тәрізділер класына жататын, тұмсығы мүйізге ұқсас бұл құстардың отаны – Оңтүстік Америка ормандары»,- деп хабарлады зообақ өкілдері.

Сондай-ақ зообақта тукандардың вольерге тез үйреніп, өздерін күтуші киперлермен достасып, көпшіліктің сүйікті құсына айналғанын хабарлады.

Олар банан, апельсин сияқты жемістермен қатар, тышқан, құс жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар 20 жыл өмір сүреді. Ақ кеуделі тукан Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.


Фото: www.instagram.com/almatyzoo

Соңғы жаңалықтар