Алматы зообағы жирафтың өліміне қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында екі жастағы Мелман есімді жираф мерт болды.

Зообақ баспасөз хатшысы Тохтар Әлиевтің айтуынша, жираф кеше, 5 қазанда өлген.

«Жирафтың денсаулығы жақсы болатын. Кеше 15:00-де жүгіріп жүрген. Жарты сағаттан кейін құлап түсті де, өліп кетті», - деді ол.

Жирафқа кесел неден келгені әлі толық зерттелген жоқ. Т.Әлиевтің айтуынша, жануардың өлексесі сараптамаға жіберілген. 10 жұмыс күні ішінде толық нәтижесі белгілі болады.

«Мелман біздің зообақта туып, жетілген. Ол 2000 жылы Алматы хайуанаттар бағына әкелінген жирафтың төлі еді. Зообақ жұмысшылары да әлі ештеңе түсінер емес», - дейді Т.Әлиев.

Еске сала кетейік, Алматы зообағында мамыр айында «Құралай» атты жолбарыс өкпе дертінен өлген болатын. 

Соңғы жаңалықтар