Алматы зообағы пілдер күнін атап өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында Бүкіләлемдік пілдерді қорғау күні атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пілдерді әкелгелі бері олардың күтімімен кипер Григорий Береснев айналысып жүр. Ол жануарларды тамақтандырады, жуындырады, тұяғын жонып-түзетеді, қаумалдарды тазалайды. Пілдер де оған үйренісіп қалған. Григорий жұмысынан босаған кезде, жануарлар тіпті көтеріліс жасауға дейін барды. Кипер жұмысына қайта оралғанда пілдердің қуанышында шек болмады. Пілдердің арасында әсіресе Лаоны басқару қиын. Онымен тек Григорий ғана тіл табыса алады», - дейді Алматы зообағының өкілдері.

20 маусым күні 11:00-де Алматы зообағында өтетін мейрам аясында пілдерді құттықтауға болады.

Пілдерді қорғау күні - ресми мереке емес. Бірақ бастамашылдар бұл күнді БҰҰ-ның ресми түрде бекітуі үшін әрекет етіп жатыр.





Фото: Михаил Сорокоумов

Соңғы жаңалықтар