Алматы зообағы қандай жануарлармен толықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағы сирек кездесетін жануарлар коллекциясын толықтыруға баса мән беріп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зообақ басшылығы қатары сиреп қалған мысық тұқымдас жыртқыштардың орнын толтыруға ниетті. Атап айтқанда, зообаққа жақында арыстанның аланы әкелінді.
  
Осыдан бірнеше күн бұрын зообақта Хан есімді 15 жастағы арыстан өлген болатын. Қан обыры дертіне шалдыққан жануар наркоздан оянбай қалды.

«Бізге жаңа жануар әкелінді. Арс есімді арыстанның аланы Бішкектен әкелінді. Осы ғажап жануарды көруге асығыңыздар», - деді зообақ директоры Ержан Еркінбаев Инстаграммды парақшасында.

Сонымен қатар, 1 апта бұрын экзотикалық құстар экспозициясы Ара мен Ирбис есімді тотықұстармен  толықты. Қазір зообақ басшылығы экспозицияны безендірумен айналысып жатыр.
null  

Жақында зообақты жергілікті  тұрғындарға белгісіз тапир жануары толықтырды. Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында тіршілік ететін сирек жануарлардың жұбы Ресейден әкелінген.

null

Ал 2 апта бұрын приматтардың қатарына кішкентай маймылдар қосылды. Сонымен қатар, қалалық мәслихат 2018 жылдың бюджетін бекіту кезінде экзотариумды қайта жаңғыртуға қаржы бөлді.
null 

Айта кету керек, осыдан бірнеше ай бұрын Алматы зообағы арыстанның науқас аланын жекеменшіктен сатып алған болатын.
null 

Әли есімді жануарды бұрынғы қожайындары фотосессия үшін пайдаланып келген.

Соңғы жаңалықтар