Алматы зообағы EAZA ұйымына тұрақты мүшелікке өтуі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еуропалық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының өкілі, Zoo Nordens Ark Swede директоры Мэтс Хёгрен Алматы зообағына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

EAZA делегациясы қар барыстарына арналған вольерлерді қарау үшін, коллекция толықтыру үшін әрі зообақтың ахуалымен танысуға келді.

Еуропалық ұйым зоологиялық ұйымдардың жұмысын EAZA стандарттарына сәйкес қылу үшін кураторлықпен айналысады.

Делегация мүшелері 2020 жылға таман Алматы зообағының EAZA тұрақты мүшелігіне өтуге мүмкіндігі бар деп бағалады.
null

Бұл өз кезегінде жануарларды өзара алмасуда жеңілдіктер мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруға септігін тигізбек.

Одан бөлек Алматы зообағы украиналық «Фельдман экопарк» қоғамдық ұйымымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Қос тарап биологиялық әртүрліліктің сақталуы, зообақтар мен тұқым өсіру шаруашылығын дамыту, жабайы табиғатты қорғаудағы ынтымақтастық, жануарларды күтіп-бағу бойынша ынтымақтастық орнатамыз деп уағдаласты»,- деді Алматы зообағының атқарушы директоры Айгүл Түлеева.
null

Биыл Алматы зообағында 22 нысан қайта жасалады. Былтыр аквариум, экзотариум, пілдердің қысқы жатағы, маймылдардың қоршауы, жыртқыштар үйі, құстарға арналған қысқы орын жөнделген болатын.

«Шақырылған делегация зообақтағы өзгерістерді оң бағалады. Бұрынғы ескертулердің барлығы жойылды»,- деді Айгүл Тулеева.

null null null

Соңғы жаңалықтар