USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы зообағы аумағындағы дөнер дүңгіршектері азайтылады

2018 жылғы 10 сәуір 10:13
Бөлісіңіз:
Алматы зообағы аумағындағы дөнер дүңгіршектері азайтылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында арзанқол ойыншықтар мен қаптаған дөнер дүңгіршектер саны азаяды. Бұл туралы мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы әкімі Бауыржан Байбек зообақ аумағындағы нысандардың бірыңғай стилін қалыптастыру туралы бастаманы қолдады.

«Зообақ аумағындағы 30 дүңгіршектің санын 10-ға дейін қысқарту және бірыңғай стиль қалыптастыру туралы бастамамызды қала әкімі қолдады. Зообақта нысандар бірыңғай әрі функционалды болуы тиіс. Біз жалға алу ақысын төмендетуге дайынбыз», - деді Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, Алматы зообағында соңғы 2 жылда үлкен өзгерістер жасалды.

Атап айтқанда, жануарлар орналастырылған торлар ыңғайлы вольерлерге ауыстырылды. Өткен айда экзотариум бөлігі толығымен қайта жасалды. Сонымен қатар, жануарлар бағына алғаш рет акула тұқымдастар мен медузалар жеткізілді.


Фото: instagram.com/yerkinbayev

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT